ЖАЗАСЫН ӨТЕГЕНДЕР ҚОҒАМНАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
«Қызылорда облыстық тұтынушылар құқын қорғай қоғамы» қоғамдық қорының жетекшілігімен 2014 жылдан бастап «Түрмеден босатылған және босанған адамдарды бейімдеу және оңалту орталығы» жобасы іске асып келеді. Бұл жобаның басты мақсаты –жазасын өтеген әрбір адам қылмыстың құрығыта қайта тоғытылмау үшін пайдалы жұмыспен қамту.
2015 жылдың 1 қазанына облыс бойынша түзету мекемесінен босатылғандар саны 419 адамды құрса, оның 9-ы әйелдер. Жоба аясында әртүрлі сұрақтармен түрмеден шыққан 38 адам өз еркімен қоғам заңгерлері мен психологтарының көмегіне жүгінген, 332 адамға учаскелік полиция пунктеріне келген сайын кеңестер беріліп отырған. Оның ішінде 5 адамның құжаттарын туралау мен тіркелу сұрактары шешімін тауып, 72 адам жұмыссыздық орталықтарына есепке алынған.
2014 жылы жазасын өтеп келген 143 адам жұмыссыздық орталығына тіркелсе, оның 44-і тұрақты жұмысқа, 42-сі қоғамдық жұмысқа ораналасқан. 6 адам әлеуметтік жұмысқа тартылып, 13 адам кәсіп меңгеруге оқуға жіберілген. 7 адам өз күшімен жұмысқа тұрып, 3 адам жеке кәсіп ашу үшін несие алған. Нәтижесінде жазасын өтеп келген азаматтардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші 84,4 пайызды құраған.
Қызылорда облысының ІІД-нің мәліметтері бойынша есептік кезеңде қайта қылмыс жасау фактілері 50 пайызға төмендеген.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА