ЖАСЫ ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ ҚЫЛУ - МҰСЫЛМАНДЫҚ МІНДЕТ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы қаламыздағы жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйінде болып, ондағы қарт-қарияларымыздың жай-күйімен танысты. Бұл туралымешіттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Одан бөлек бас имам қария аталарымыз бен әжелерімізге жылы лебізін арнап, сый-сияпатын табыс етті.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Жастарымызға қамқорлық етпеген және үлкендерімізді құрметтемеген бізден емес» -деген. Жасы үлкенге кішілігіне қарамай құрмет қылу мұсылмандық міндет екенін қарттарымызға жеткізе келе өкіл имам оларға зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Өз кезегінде аталмыш көңіл мен ниетке риза болған қарт аналарымыз бен аталарымыз ризашылықтарын білдіріп, көңілдері марқайғаны жадыраңқы жүздерінен сезіліп тұрды.