ҚЫЗЫЛОРДАДА «БОЛАШАҚҚА САЛЫМ САЛАМЫЗ!» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясы «Бақыты балалық» партиялық жоба аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясын ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Астана қаласынан бастаған болатын. Осыған орай аталмыш акция «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдарында жалғасын тауып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы есепшоттар ашылып салымдар салынды.
Қызылорда облыстық партия филиалының мәжіліс залында қалалық партия филиалының ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары, әділет қызметкерлері, судьялар демеушілігімен 18 балаға есепшоттар ашылды.
Жалпы акцияға облыс бойынша партия аппаратының барлық қызметкерлері, облыстық мәслихаттағы фракциясының мүшелері, депутаттар, бастауыш партия ұйымы жетекшілері, жасотандықтар, кәсіпкерлер атсалысты.
Айта кету керек, партияның «Бақытты балалық» жобасы аясындағы акцияға еліміз бойынша 3000 ал, Қызылорда облысы бойынша 150 балаға салым салу көзделсе, облыстық партия филиалы бұл межені 10 балаға артық орындап, акцияны қорытындыланды.