КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ
Сыр бойынан атақ-даңқы алты Алашқа тараған небір асыл азаматтар түлеп ұшқан. 125 жылдық мерейтойы салтанатпен өтіп жатқан Мұстафа Шоқай есімі ел есінде мәңгі сақталатын осындай тарихи тұлғалардың алдыңғы қатарынан орын алады.
Мұстафа Шоқайдың ұлтжанды қайраткер ретіндегі тұлғасы шетелдегі қазақтар мен шетелдік зиялы қауым арасында ерекше танымал. Ал халықаралық дәрежедегі мұндай танымалдыққа көтерілген тарихи тұлғалар бізде өте сирек. Дегенмен, М.Шоқайдың өз Отанымен қайта табысып, мұраларының жұртшылыққа жетуі оңай болмады. Еліміз тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардың басына дейін Мұстафа Шоқай туралы ашық айтылған да, жазылған да жоқ. Керісінше, бұл мәселеге қарсылық жиі бой көрсетіп тұрды. Міне, осындай жағдайда М.Шоқайдың есімін елге танытуда тарихшы ғалым Әбу Тәкенов, жазушы және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжанов алғашқылардың бірі болып елеулі еңбек етті. Сондай-ақ Қызылорда облысынан құрылған «Мұстафа Шоқай» қоры басшылары және жергілікті қаламгер-журналистер, зиялы қауым өкілдері де зор еңбек сіңірді.
Бұл мәселеге біз қызмет ететін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да атсалысқанын айта кету керек. Тәуелсіздік алғаннан кейін көп ұзамай, яғни 1992 жылдың қыркүйек айында Алматыда Әлем қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті. Отызға жуық елде тұратын қазақтардың өкілдері жиналған құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылып, оның Төралқа Төрағасы болып Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланған еді. Осы құрылтайда Мұстафа Шоқайдың қазақ халқына сіңірген еңбегін лайықты бағалау мәселесі сөз болды.
Құрылтай өткеннен кейін де қауымдастық бұл мәселені назарда ұстады. Бұл үшін Түркия, Германия және Франциядағы ағайындармен нақты байланыс орнаттық. Еліміздегі сөзұстар азаматтармен пікірлестік. Нәтижесінде Мұстафа Шоқайдың мәселесін түбегейлі шешу үшін Елбасының қолдауына сүйену қажет екендігі айқындалды. Соған орай, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Мұстафа Шоқай» қоры бірлесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдадық. Онда М.Шоқайдың тәуелсіз еліміздің тарихынан өзінің лайықты орын алуына қатысты мәселелер мемлекеттік деңгейде шешілуі керектігі жазылды. Хатқа Әбділдә Тәжібаев, Мұхамеджан Қаратаев, Жабайхан Әбділдин, Әнуар Әлімжанов, Манаш Қозыбаев, Қабдеш Жұмаділов, Бейбіт Қойшыбаев бастаған зиялы қауым өкілдері қол қойды. Ашық хат 1993 жылы 5 қарашада «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді.
Хат Елбасының тарапынан лайықты қолдау тапты. Соның нәтижесінде бұдан кейін Мұстафа Шоқайдың қайраткерлік еңбегін жоққа шығаруға тырысқан кедергілер біржола тоқтатылды. Яғни, Мұстафа Шоқайдың өз халқының ортасына біржола қайтып оралуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ықпалы болғанын айрықша атап айтуға тиіспіз. Міне, осыдан кейін елімізде М.Шоқайдың ғұмырбаянын, еңбектерін терең зерделеу жұмыстары басталды.
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ,
жазушы,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары.