СОТТА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың 13 қазан күні, бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы алдын ала жергілікті газеттерге хабарлама берілген болатын.
«Ашық есік» күні азаматтарды сот төрағасы С.Сүлеймен қабылдады.
Аталған іс-шараға Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері, адвокат Б.Балкей қатысты.
Сот төрағасы келген азаматтарға қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралатын істердің санаты жөнінде, алқабилер туралы, қоғамда пікір туғызған аса ауыр қылмыстар жөнінде айтып берді. Одан басқа, сот саласына енгізіліп, пайдаланып жатқан жаңа инновациялық технологиялар, атап айтқанда, «Сот кабинеті» жүйесі, дыбыс-бейне жазба қондырғылары, сотқа СМС арқылы шақырту жолдау және т.б. жаңалықтар туралы айтты.
Еркін түрде әңгелесу, пікірлесу формасында өткізілген кездесуде болашақ заңгерлер судьяға сұрақтар қойып, жуаптарын алды. Іс-шара сонында студенттер төрағамен бірге суретке түсті.
Аталған іс шара айына бір рет өткізіледі. Кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауабын табады.
«Ашық есік» күні - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының дәлелі.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі