ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖЕТІМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БҮЛДІРШІНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Қызылордалық полицейлер «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» партиялық жобасы аясында жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жататын бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті. Балалардың мектеп бітірген соң, одан әрі білім алуын қамтамасыз ету мақсатында сыр сақшылары салымдар жасап, 7 бүлдіршінге сертификат табыс етті. Аталған қайырымдылық шарасы 2015 жылдың 12 қазаны күні қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Баекеевтің төрағалық етуімен өткізілді. Шараға Қызылорда облысының ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев қатысып, «Балалар – біздің болашағымыз. Әр сәбидің бақытты күлкісі мен бал-бұл жайнаған қуанышты жүзі – біз үшін қуаныш. Сондықтан олардың бақытты балдәурен шағына сызат түсірмей, қорғап, қорғаштау үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз», - деді өз сөзінде.
Облыс орталығындағы орта мектептерде білім алатын ұл-қыздарға қолдау көрсеткен халық қалаулылары акция соңында балаларға сәттілік тілеп, бата-тілектерін білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Облыс орталығындағы орта мектептерде білім алатын ұл-қыздарға қолдау көрсеткен халық қалаулылары акция соңында балаларға сәттілік тілеп, бата-тілектерін білдірді.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі