ЕСКІ МАЗАРЛАР ҚҰРЫЛЫСҚА КЕДЕРГІ
Қызылорда қаласының кеңеюіне бес жердегі мазарлар кедергі. Бұл туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров хабарлады.
«Ескі мазарлар басқа жаққа ауыстырылмай, Сырдарияның сол жағалауында жаңа мөлтек ауданның құрылысы басталмайды. Бұл бейіттер соңғы рет 1977 жылы жаңаланған екен. Сондықтан марқұмдардың туыстарын табу қиынға соғып тұр. Сонда да біз анық-қанығын зерттеп жатырмыз. Қажет болса, керекті рәсімдерді жасауға дайынбыз», - дейді ол.
Билік басындағылар діни рәсімді қалай өткізуге болатындығын молдалардан сұрап білген. Ал санитарлық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғандарын тексереді. Себебі жаңа құрылыс індет ошағына айналмауы тиіс.
Шынар БЕКБАН