ЖАСТАР «СЫНЫҚ ТЕРЕЗЕ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарының өкілдерінің қатысуымен «Сынық терезе» атты профилактикалық және қала аумағында құқық бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы іс-шаралар жоспарының орындалу жағдайы мен қала аумағында кең таралған заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында жастармен дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
«Сынық терезе» бағдарламасы криминалдық қылмыстарға ұшырауы мүмкін объектілер орналасқан аумақтарды ретке келтіру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды өткізуді өзек етеді. Сонымен қатар белгілі бір аумақта қоғамдық тәртіптің жай-күйін қадағалау арқылы құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан бөлек, халықты қылмыстық құқық бұзушылықпен күреске тартуды мақсат тұтады.
«Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков іс-шараны ашып және қала аумағында құқықтық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресті күшейту, қылмыстарды алдын алу шаралары жайлы айтып, жүргізіп отырды.
Шара барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділбек Ерсұлтанов «Сынық», «Көршілік бақылау» бағдаламаларының міндетіне тоқталып өтті. «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қаласы филиалының бірінші орынбасары Мақсұт Баекеев мемлекеттік бағдарламалардың қала көлемінде жүзеге асуы жайлы және қаланың инфрақұрылымын дамытуға арналған бағдарламаларды сөзге тиек етті. Қызылорда ҚІІБ ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Гүлнәр Дүйсенова дөңгелек үстел барысында әкімшілік жазаның қатаңдығы мен діни бағыттағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер мен нақты мысалдар келтірді. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Қанат Бұхарбаев еліміздегі көптеген діни емес ағымдардың пайда болғаны жөнінде, олардың біздің дініміздің яғни, ислам дінінің айырмашылығын нақты мысалдар арқылы түсіндірді.
Сонымен қатар, шара барысында слайдтар мен видеороликтер де көрсетілді. Осы бағыттағы шаралар басқада оқу орындарындарда өз жалғасын табатын болады.