ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ – БАСТЫ ПАРЫЗ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінде ардагерлермен кездесу өтті.
Бұрынғы қаржы полициясы органдарында қызмет жасаған, бүгінде еңбек демалысындағы ардагер ұрпақ өкілдері жас офицерлерге қызметтегі адалдық туралы әңгіме айтты.
Экономиканың қауіпсіздігі үшін еңбек сіңірген запастағы офицерлер, қазірде мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлер қауымдастығы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Бекішев және ардагер Боранбай Піржанов экономикалық дағдарыс жағдайында бизнестің көлеңкеге кетуі, салықтан жалтару және мемлекет қаржысын талан-таражға салу сияқты қылмыстармен күресу үшін табандылық және адалдық керектігін өз сөздеріне арқау етті.
Кездесуге, сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы «Жастар» ресурстық орталығының өкілі Айнұр Шуменова қатысып, жас мамандарға қызметтік парызды адал және әділетті орындау туралы пікір білдірді.
Департамент басшысының орынбасары Ғани Сейтжанұлы қонақтарға экономикалық тергеу қызметінің жұмыс нәтижелері туралы қысқаша баяндады.
Ұрпақтар сабақтастығы және игілікті дәстүрлер туралы тартымды әңгімелер қызметкерлер үшін пайдалы кеңес болды.
Кездесу дастархан басындағы сұхбатқа жалғасып, қонақтарға ұжым атынан сый-сияпат көрсетілді.
Қайрат АХМЕТОВ,
Қызылорда облысы бойынша МКД
Экономикалық тергеу қызметінің бас маманы