СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА ТІЛ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті. Байқауға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату, шешендік сөз өнерімізді дамыту мақсатында өткен байқау ережесіне сай, қатысушылар бес тапсырма орындады. «Таныстыру», «Тест тапсырмалары», «Қазақшаңыз қалай?», «Сандар сөйлейді» және «Үй тапсырмасы» кезеңдерінде қатысушылар өздерінің зерек, тапқыр әрі жоғары дәрежедегі дайындықпен келгендерін көрсетті.
Сайыстың шарты бойынша қатысушылардың білім деңгейі тексеріліп, тапқырлықтары, заң терминдерін қолдану арқылы сөйлем құрастыруда шеберліктері мен қолөнерлері сынға алынды.
Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды Қызылорда облыстық сотының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы А.Накиева иеленді. Ал 2-орынға Қызылорда қалалық сотының жетекші маманы Ұ.Сағынаева, 3-орынға Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Ә.Аралбаева лайық деп табылды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Ал белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.