ПОЛИЦЕЙЛЕР «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА МАХАМБЕТ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ОІІД Әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып 2015 жылдың 09 қазанында Ақсуат ауылдық округі, Махамбет елдімекенінде «Жолда қабылдау» акциясы өткізілді.
Аталған акцияға «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Әбдірахманов Шәріп, «Ақсуат» ауылдық округі әкімі Нұрсейітов Ақарыс, Ішкі істер органдарынының ардагері Тобжан Алмас, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының бас маманы Тлеулесов Есет, қозғалыстық жас инспекторлары, ОІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшы құрамынан құралған арнайы топ және БАҚ өкілдері қатысты.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, Әкімшілік полиция басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Акцияға жалпы 107 азаматтар қатысып, қатысушылардан түрлі мазмұндағы сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардың барлығына мамандармен толық жауаптар беріліп, сонымен қатар толыққанды жауаптар берілу үшін тиісті мекемелерге қатынас хаттар жолданды.
Сонымен қатар, акция барысында Қызылорда қаласының №101 орта мектебінің «Қозғалыстың жас инспекторларының» жасағы Жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көрнекі үгіт-насихат парақшаларын таратты.
Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізілді.
«Жолда қабылдау» акциясы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында жалғасты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар арасында сауалнамалар жүргізіліп, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді насихаттайтын үнпарақшалар таратылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі