ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕС ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыс соттарының 2015 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков, облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов, облыстық сот судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың кеңсе басшысы, облыстық соттың бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.
Кеңесте облыс соттарының апелляциялық және кассациялық сатыларда істер мен шағымдарды қарау барысы, өңір соттарының 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы, сондай-ақ, сот жұмысын материалдық-техникалық, ақпараттық қамтамасыз ету, талдау - жоспарлау бойынша атқарылған жұмыс туралы есепті кезеңдегі есебі тыңдалып, соттардың қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды.
Кеңейтілген кеңесті облыстық соттың төрағасы Н.М.Қайырбеков ашып, соттардың жұмысындағы ең басты мәселе сот төрелегін жүзеге асыру барысындағы жұмыс сапасын көтеру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімлігі туралы, халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, судьялар арасында жемқорлыққа қарсы күресті нығайту және соттардың беделін арттыруды насихаттау жұмыстарына тоқталды.
Мұнан соң сөз кезегін алған қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы А.Т.Қожаниязов «Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары» туралы баяндап өтті.
Келесі кезекте баяндамашы облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов «Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары» жайлы баяндама оқыды.
Шара барысында Судья әдебі жөніндегі комиссиясы, Оқу орталығы мен ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жұмыс қорытындылары айтылды. Сонымен қатар, азаматтар мен заңды тұлғалардың судьялардың әрекетіне берген шағымдарын тексерудің нәтижелері мен «Талдау» форумына қатысты мәселелер туралы сөз болды.
Кеңейтілген кеңес соңын облыстық сот төрағасы Н.М.Қайырбеков облыстық соттың кассациялық сот алқасының жұмысы жайлы баяндамасымен қорытындылап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмаларды айқындап берді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі