МАМАНДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕТІМДІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА
2015 жылдың 16-30 қыркүйегі аралығында Қызылорда қаласының № 2,3,4,6 қалалық емханаларында, «Сәбилер үйі» мекемесінде, облыстық және қалалық перинаталдық ортылығының әйелдерге кеңес беру бөлімдерінде мамандарды ақпараттандыру, оларды арнайы қызмет көрсетудің дағдылар мен біліктеріне үйрету мақсатында арнайы мамандар ретінде тартылған әлеуметтік қызметкер, заңгерлерді қатыстыра отырып кеңес беру кездесулері ұйымдастырылды.
Жобаға Қызылорда қаласының мемлекеттік медициналық мекемелерінен 70-тен аса қызметкерлер қатысып, жаңа туылған нәрестелер мен 3 жас аралығындағы баладан бас тартудың және әлеуметтік жетімдігінің алдын-алу мақсатында біріктірілген арнайы әлеуметтік қызметтің моделін енгізуге бағытталған шараларды талқылады. Аталмыш жоба 2015 жылдың 1 шілдесі мен 2016 жылдың 29 ақпаны аралығында Қызылорда мемлекеттік медициналық мекемелерінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, сала мамандары баладан бас тарту қаупі бар әйелдерді/отбасыларын анықтау, кешенді арнайы қызмет көрсетудің моделін ендіру, баладан бас тартуы мүмкін делінген дабылға жедел ден қою туралы ақпарат алып, білімдерін нығайтты. Кездесу барысында дабылды мобильді топқа жеткізу және әйелдерді сүйемелдеуге жауапты тұлғалар анықталып, сүйемелдеу барысында қажет болатын брошюралар, журналдар табысталды. Сонымен қатар, «Сәбилер үйі» мекемесіне балаларын орналастырған 8 әйелдермен кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында мамандар сұрақтарына жауап беріліп, жекелеген кеңестер де берілді.
Кездесулер Қызылорда облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармаларының қолдауымен және АҚШ-ның халықаралық даму қоры (USAID) мен «Орталық Азия Еуразия Қоры» КҚ-ы қаржыландырған «Тиімді басқаруды қолдау бастамасы» бағдарламасына сәйкес «Отбасындағы бала» жобасының аясында «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының қосымша қаржылай қолдауымен өтті.