ҰСТАЗ ОРНЫНДА БІР КҮН
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары өз ұстаздарының орнын бір күнге алмастырды. Өзін-өзі басқару күні дублер-мұғалімдер ғана кәсіби түрде сабақтар өтті, ал мектеп әкімшілігінің мүшелері ұйымдастыру мәселелерін шеше отырып, өз әріптестеріне көмектесті.
Таңертеңнен бастап, мектепті мерекелік көңіл-күй жайлады. Жоғарғы сыныптың оқушылары мен мұғалім-дублёрлар «жанды дәліз» құрып, барлық құрметке лайық ұстаздарын әуенмен және жүрекжарды құттықтауларымен күтіп алды. Сол мезетте шәкірттер сәл толқып, бірақ кеудесін кернеген мақтаныш сезіммен және жауапкершілікпен алдағы өтетін сабағына дайындалып тұрған еді. Әдеттегідей, «мектеп директоры» Нұрасыл Балғабайдың жетекшілігімен жалпымектептік жиын өтті, жиында мектеп басшысы залға жиылғандарға мерекелік құттықтау сөзін арнаған соң, өткен аптаның жетістіктерін атап өтіп, алдағы уақыттағы жоспарлармен таныстырды.
Әрі қарай жұмыс күні басталып та кетті. Оқытудың түрлі әдістерін қолдана отырып және сабақты ойын формасында жүргізген дублёрлар командалық рухта 7-8 сыныптарға қызықты сабақтар өтті. Өз «әріптестеріне» кез келген уақытта көмек қолын созуға даяр ұстаздар дублёрлардың жұмыстарын аса толқумен және сәл уайымдаумен бақылап отырды, осындай талантты да дарынды ізбасарларды тәрбиелеп өсіргендеріне іштей қуанды.
Мектептің «жаңа» әкімшілігі бұл уақытта тынбай жұмыс атқарды. Мектеп директоры мен оның орынбасарлары мектеп аумағын түгел аралап шықты, бірнеше ашық сабақтарға қатысып, басқа әріптестерінің жұмыстарын тексерді.
Тосын сыйлардың негізгі бөлімі сабақтар аяқталған соң басталды. Педагог қызметкерлердің кәсіби мерекесі құрметіне арнап керемет концерт қойылып, онда би ұжымдары, аспапты ансамбль, мектеп әншілері мен музыканттары өнер көрсетті.
Қызықты номерлер арасында жыл ішінде кәсіби шеберлігіміен көзге түсіп, үздік танылған ұстаздарды марапттау рәсімі жүрді. Бірқатар ұстаздар мектептің алғыс хаттарымен мадақталса, ал кейбірлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамоталарына ие болды. Мектеп негізін қалап, оқу мен тәрбие үдерістерінде және білім бағдарламаларын жүзеге асырудағы жеткен жетістіктері үшін мектеп басшысы Гүлмира Мункеева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталуға ұсынылды.
Жалпы алғанда, Мұғалімдер күні көпшіліктің көңілінде мектеп өміріндегі жарқын да қызықты күндердің бірі болып сақталып қалды. Ал дәстүрлі дублёрлар күнін өткізу келесі жылы да жүзеге асады, бірақ бұдан да қызықты әрі қауырт істеге толы болатыны даусыз.