БАСТЫСЫ – ҚАТЕЛЕСПЕУ...
- Алло, жігіттер, көмек керек! Көрші әйелге ыдысын қайтару үшін шығып едім, есігім құлыптанып қалды. Үйде сегіз айлық балам қалып қойды, еңбектеп жүр, қорқып тұрмын!
Дереу оқиға орнына Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары шықты. Бұндай жағдайлар өте жиі болып тұрады, және олар ең оңай және зиянсыз оқиғалар.
Маңыздысы – құтқарушылардың шеберлігінен және жеделдігінен адам өмірін сақтап қалатын күрелі оқиғалар жөнінде түскен шақырулар.
Құтқарушы – жан-жақты мамандық, арнайы төзімділік, суық қандықты, жүзу шеберлігін, жоғарыға шығу дағдаларын, алғашқы медициналық көмек көрсете білуді талап етеді. Ең маңызды төтенше жағдай алған жерде – жан тыныштығын сақтау.
Күрелі жағдайдайда дұрыс шешім қабылдап, озіңнің, ең бастысы зардап шеккен адамның өмірін сақтап қалу үшін, оның құтқарыламын деген сенімін, сенен көмек күтіп тұрған сенімін ақтау қажет.
Кейде біздің құтқарушы жігіттердің жүздеріне қарап отырып, қандай тамаша жандар деген ой келеді. Олардың көздері көп нәрсе көреді: қайғы-қасірет, жан түршігерлік жағдайлар, құтқарылу бақыты, қайта оралмайтын адамдардың шыны көздері... Олар – құтқарушылар, қауіп қатерге ұшыраған кісіге екінші өмір сыйлайтын адамдар.
Самғат Бүркітбаев, бірінші санаттағы құтқарушы – көзі күлімсіреген, өте сергек, өз ісінің шебері. Ол ешқашан жұмысты ауырсынып, орындай алмаймын деп айтпайды. Ол ондайды өзіне рұқсат етпейді, ол озінің міндеті мен жұмысын орындайды, құтқару жұмыстар нәтижелі және сапалы болу үшін жанын салып аянбай еңбек етеді. Атқарылған жұмыстар туралы айтып берші деп сұрасаң, ой елегінен сан мың құтқару жұмыстарының көріністері өтеді, бірақ ол көбісін еске алғысы келмейді...
- Ең ауыры – су тасқыны кезінде уақ және ірі малды құтқару, - дейді Самғат, - өйткені мал адам тілін түсінбейді, құтқару жұмыстарына кедергі келтіреді, тебсініп, жұлқынып қолға ұстатпайды, қайта суға түсіп кетеді. Ірі малды құтқару аса ауыр, - деп тағы күлімсірейді құтқарушы.
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағында 13 жыл қызметте жүріп бірнеше мың құтқару операцияларында 500 ден аса адам құтқарып қалған азаматты әңгімеге тарту оңайға соққан жоқ. Самғат өте қарапайым жігіт. Бірақ, көндіру үшін менің жұмсаған күшім бекер болған жоқ.
- Ең бастысы – қателеспеу, - деп бастады ол. - Құтқару операцияларын жүргізу кезінде, бастысы анық қабылдап, келісілмеген іс-қимылды келгеннен кейін дереу шешу қажет, жағдайды бағалап және бірден-бір дұрыс шешім қабылдау керек. Әр бір шешімің адам тағдыры екенін ұмытпаған абзал. Жасақ басшысы күш құралдарды дұрыс таратып, құтқару жұмыстарында алғашқы көмекті қай жақтан бастау қажеттілігін айқындап беруі қажет. Құтқарушылардың да шеберлігі болу керек. Бір сөзбен айтқанда, басшының төрт көзі болу керек, - деп әңгімесін жалғастырды құтқару жасағының бас қүтқарушысы Самғат Бүркітбаев.
Жол-көлік оқиғаларында құтқару жұмыстарын жүргізу де оңай емес. Адам автокөліктің түрлі темірлеріне қысылып, жан-тәні ауырғаннан айқайлапаман қалуға тырысып жатқанда, құтқарушылар зардап шеккен адамға құтқарылатынына сенімділік беру кажет және оның өмірін сақтап қалу үшін қолдан келген әрекеттің барлығын жасауға қабілетті болуы тиіс.
Маңызды факторлардың бірі - білікті және дұрыс дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, осы әрекеттен адамның аман қалуы, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуына байлансты.
Төтенше жағдайларда зардап шеккендерді құтқару – бұл бір ғана адамның жұмысы емес. Менің ойымша, құтқарушылардың бір-бірін жақсы түсінуі, әрдайым нақ және келісілген іс-қимыл, бір-біріне қолдау жасап атқарылатын тіршілік. Біз бір-бірімізді көзқарастан, жарты сөзден түсінеміз – бұл да құтқару операцияларының негізгі аспектісі болып табылады.
Эмоциялық және психикалық ең күрделі төтенше жағдай2014 жылы Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолында болды. Ол жерде үш автокөлік соқтығысып қалды. Көліктердің ішінде 12 адам болған.
Құтқару шараларын жүргізіп жатып көліктің ішінде қысылып қалған үш адаммен сөйлесіп, құтқарылатынына сенім беріп, қатты қирап қалған автокөліктерден шығару үшін барлық мүмкіндіктерді жүзеге асырып жатқанда олар көз алдымда жан тапсырды. Барлығы осы жол-көлік апатында тоғыз адам мерт болды, олар өмірмен сыйыспайтын жарақат алды,- деді жедел жәрдем дәрігерлері. Құтқарамын деген жүректің соғысымен атқарлыған қаншама жұмыстарға қарамастан көз алдыңда адам жан тапсырса, өте ауыр және өкінішті сезімде болады екенсің.
Содан кейін мен көп ойландым осы жол-көлік апатын еске алып, әр іс қимылымды талдадым, қателік жібердім ба, бір нәрсені аңғармадым ба деп, бірақ барлығы дұрыс, апат өте кұрделі және көлемді болды, бұл жағдайда үш адам тірі қалғаны да Алланың құдыреті деп шештім.
Біздің қызметте бақытты сәттер де болады. Мәселен, қалада жүріп,сен ажалдан құтқарған адамыңды кездестіргенде. Бұл кездесулер жылылығымен, өзіңе берілген игі баталарымен, бақытты, қуанышты көздерімен қымбат. Құтқарылған адамның батасы, жылы лебіздері біздер үшін ең қымбат, ең үлкен марапат.
2012 жылы біз әріптесім екеуміз Қапшағай қаласының маңында Іле өзенінің жағалауында келе жатып, суға дельтаплан мінген екі адам түсіп кеткенін көрдік. Біз бірден өзенге қарай ұмтылдық,құтқару іс әрекеттерінің жоспары құрылып, адам қатты ағыспен суға кетип қалмас үшін, жан дауысыммен «Қолдарыңа түскенін ұстаңдар!», - деп айқайладым.
Су өте мұздай, ағыс тым жылдам, таудан аққан судың шулауы дауыс естіртпейді. Менде құтқару құралдары да жок, жай спорттық киіміммен жүргенмін. Су өз жолында барлығын алып кетіп бара жатыр, бірақ менің жан айкайымды естіген зардап шеккен азаматтар дельтапланның бір құралынан ұстап тұр екен. Шынымды айтсам, өте қиын болды құр қолды құтқару жумысы аса күрделі болады екен. Мен өзім де сол ағыспен ағып кетемін ба деген қорқыныш сезім де болды, бірақ жоғарыдан бір бейтаныс «мен құтқарамын...қолымнан келеді...олар өмір сүреді...» деген сөздерді миыма құйып тұрғандай болды.
Дельтаплан жолаушысы екі айлық баласы бар жас келіншек болып шықты, жүзу білмейді екен, ұшқыш та 25 жастағы жас еркек, олардың құтқарылу бақытында шек болған жоқ.
Келесі күні құтқарылғандар жанұяларымен, жолдастарымен келіп шексіз алғыстарын білдірді. Біз – құқарушылар, ондай марапаттарға үйренбегенбіз, бірақ өте керемет сезімде болдық, біздің еңбегімізге жақсы баға беріп елегендері үшін.
Айта кету керек, осы ерлігі үшін Самғат Бүркітбаев Төтенше жағдайлар саласының «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Күн сайын, минут сайын, құтқарушылар азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығының күзетіндетұрып, әртүрлі оқиғаларда, сан түрлі жағдайларда олардың өмірін сақтап қалу үшін, өздерінің өмірлеріне қауіп төніп тұрсада, әзер тұрады. Олардың арттарында отбасы, балалар мен болашақжоспарлары бар болса да.
Құтқарушылар – өлім көзіне тіке күле қарап, құтқару шараларын біліктілігімен орындап, адам өмірін сақтап қалу үшін жанын салып еңбектенетін адамдар.
Құтқарушылар күні кәсіби мереке қарсаңында мен олардың ерлігі үшін сүйіспеншілігімді білдіргім келеді. Сіздің игі еңбектеріңізге мың тағзым! Келе жатқан мерекелеріңізбен, Құтқарушылар!
Анар НҰРЕКЕЕВА
ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушысы