ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ МҰРАЖАЙЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау күнінің 20 жылдық мерейтойына орай Т.Жүргенов атындағы №136 қазақ орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ мұражайын аралады.
Өрт сөндіру қызметі 1921 жылы Арал қаласында құрылған. Алғашында 10 өрт сөндіруші ғана болатын. Мұражайда оқушылар өрт сөндірудің алғашқы сорғышын, советтік кезеңнің өрт сөндірушілеріне тиесілі болған каскаларды көріп, тамашалады. Тақырыптық стендтерді қарау арқылы Қызылорда облысының өрт тарихымен егжей-тегжейлі танысқан оларға ерлік бұрышы мен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қайраттылығы ерекше әсер қалдырды.
Кездесу барысында оқушылар ҚР ІІМ КТЖ Көкшетау техникалық институтына түсу шарттары мен басқа оқу орындарынан артықшылықтарын білді. Саяхат соңында олар әскери қызметін орындау кезінде қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткішінің алдында фотосуретке түсті.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы