ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫНА 2 МИЛЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ҚАРЖЫ ҚҰЙДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы отбасы жағдайы төмен мектеп оқушыларына мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-саймандарын алу үшін кәсіпкерлерді жұмылдырды. Нәтижесінде 2000000 теңге көлеміндегі қаржыға 80 оқушыға көмек көрсетті.
«Мектепке жол» - оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын ірі акциялардың бірі. Отбасы жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларда өмір сүретін балалардың жағдайына кәсіпкерлер де бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді. Нәтижесінде 80 оқушыға қаржылай және материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер өз кәсіпорындарының қызметкерлерінің балаларына да материалдық қолдау көрсетті. Аз уақыт ішінде осындай ұйымдастыру шараларын жүргізген Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров: «Бізге еліміздегі әр оқушының сапалы білім алғаны маңызды. Ал балалардың мақсатты білім алулары үшін тиісті жағдай жасалуы қажет. Қазіргі таңда Қызылорда қаласының өзінде 2000000 теңге көлемінде қаржы жинақталып, балардың қажетті дүниелерін алу үшін үйлестірілді. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының 7 ауданда филиалымыз бар. Аудандық кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, акцияға қаржы салғанын жария етпейтін кәсіпкерлер де жетерлік. Ең бастысы қайырымдылық шарасы кезінде бизнесмендеріміздің сараңдық танытпай, жомартық көрсететіндігін атап өткім келеді. Жүздері бал-бұл жайнаған балалардың атынан облыс кәсіпкерлеріне алғысымызды жеткіземіз»,-деді.
Айта кетейік, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері де өздерінің бір күндік айлықтарын аталмыш акцияға бөлді. Қазіргі таңда мектеп директорлары Кәсіпкерлер палатасына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар жолдауда.
ҚР ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметі