«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыру бағытына сәйкес және жұртшылықтың алдында полицияның имиджі мен оған сенімін арттыру мақсатында «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып облыс аумағында «Жолда қабылдау» акциясын өткізу жоспарлануда.
Аталған акция 9 қазанда облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен Ақсуат ауылдық округі, Махамбет елдімекенінде өткізілмек.
Акция шеңберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, ішкі істер органдары турасындағы халықтың пікірін тыңдау, халыққа Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерді кеңінен жариялау мақсатында Әкімшілік полиция басқармасы, «Нұр Отан» партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылығымен азаматтарды қабылдау жүргізіледі.
Акция өткізу кезінде бір мезгілде полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы туралы сауалнамалар жүргізіледі.
Егер де сіздердің тараптарыңыздан аталған акцияға қатысуға ниет білгендер бар болса, 2015 жылдың 9 қазанында сағат 09.30-да Әкімшілік полиция басқармасының ғимаратына (бұрынғы ОблГАИ) келулеріңізді сұраймыз. Осында сіздерді арнайы тасымал құралы (ГАЗЕЛЬ) күтіп, белгіленген жерге жеткізіп салады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі