«ЖҰЛДЫЗДАРҒА ҚАРА» ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ РАУЫНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қызылордада Казкоммерцбанктің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылатын «Құс Жолы» корпоративті қайырымдылық қоры мен «Даму» қоры бірлесіп, жыл сайынғы өткізетін қайырымдылық конкурсының бірінші рауынды қорытындыланды.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Даму Қорының және Казкоммерцбанктің өкілдері салтанатты түрде жобаның жеңімпазы Гүлжанат Наетоваға 100000 теңге көлемінде қайтарымсыз гранттың сертификатын табыстады.
Қазалы ауданының тұрғыны Гүлжанат Наетова бала күнінен 3-ші топ мүгедегі. Гүлжанаттың анасының сөзінше, есту және сөйлеу мүмкіндігінен айырылған қызы бала кезінен көп қиналып өсті, өз құрдастарымен еркін ойнап және дұрыс түсінісе алмау оған қатты тиді. Алайда Гүлжанат өз күшіне сеніп, жақындарының қолдауымен өздігінен оқып-жазуды үйренді, сондай-ақ тігін тігумен де айналыса бастады. 15 жасынан бастап, қалдық маталардан құрақ көрпелер тігуді қолға алды. Осылайша шағын кәсібін бастап, әртүрлі бұйымдарға тапсырыс қабылдауда. Жас кәсіпкер өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, отбасына да қаржылай көмектесуде. Сонымен қатар, бизнесін заңды түрде рәсімдеп, жеке кәсіпкер ретінде бүгінде «Жұлдыздарға қара» жобасы арқылы кәсібін кеңейтуге қаржылай көмек алып отыр. Гранттық қаражатқа Гүлжанат соңғы үлгідегі көп функционалды тігін машинасын сатып алды. Ендігі кезекте тапсырыстар бойынша алуан түрлі ою-өрнекпен бұйымдарды тігуге мүмкіндік алған жеке кәсіпкер осы жолға қолдау білдірген демеушілерге алғысын білдіреді.
Еске сала өтсек, «Құс жолы» корпоративті қайырымдылық қорының жүзеге асыратын «Жұлдыздарға қара» – жобасы 2005 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға қаржылай көмек беруге жұмыс жасап келеді. 2012 жылдан бастап серіктес болған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ «Даму-Көмек» бағдарламасын жүзеге асыруда. Сонымен бірге, жыл санап бірегей жобаның қаржыландыру қоры артып келеді. 2015 жыл бизнес-идеясын жандандырам деген жеңімпаз кәсіпкерге берілетін грант көлемі 300 000 теңгеге дейін артты.
Атап өтетін тағы бір маңызды іс-шара - Қызылорда қаласының КҚКО-да «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында үш мүгедек кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді. Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер Шуетов Мейрамбек, Сатыбаева Айгүл және Таженова Шынаркүл тігін машиналарының иесі атанды. Демеуші ретінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы «НұрСат-Бауыр LTD» ЖШС заттай қолдауын жасады.