ҚЫЗЫЛОРДАДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ КҮШ ҚОЛДАНУ ФАКТІЛЕРІ АЗАЙМАЙ КЕЛЕДІ
Үстіміздегі жылдың 9 айында полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды талабына бағынбау, қарсылық көрсету және күш қолдану бойынша 16 факті тіркелді. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа жіберілді.
Мәселен, ағымдағы жылдың 08 наурызында кешкі сағат 20.00 шамасында қала орталығындағы кафелердің бірінде қонақтардың еркін демалуына кедергі келтіріп, жайсыз жағдай туғызып жатқандығы жайлы кезекші бөлімге хабарлама келіп түседі. Хабарлама негізінде оқиға орнына жедел түрде қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульді полиция батальоны жіберілді. Алайда 1989 жылы туылған қала тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, экипаж құрамындағы взвод инспекторы, қатардағы полицейге қатысты күш қолданып, мұрын тұсынан бір рет соққы жасаған. Полиция қызметкері Облыстық медициналық орталығына қаралып, «мұрын сүйегінің сынығы» түріндегі дене жарақатын салғандығы белгілі болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі, яғни билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқару кезінде өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сезікті азаматқа қатысты шартты түрде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.
Дәл осындай дерек 2015 жылдың 05 сәуірінде де орын алған. Полиция қызметінің «102» арнасына С.Лапин көшесінде автокөліктер жиналып, түнгі тыныштықты бұзуда деген хабарлама келіп түседі. Хабарлама бойынша түнгі «Боран-5» экипажы оқиға орнына жіберіледі. Алайда белгісіз азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, бос шөлмектер, тастар лақтырып, «УАЗ» қызметтік автокөлігінің бет әйнегін сындырған. Оқиға орнынан 1992 жылы туылған 3 азамат, 1993 және 1994 жылы туылған 2 азамат ұсталып, Қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы, 1-бөлігі, яғни билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде түнгі сағат 01.00 шамасында КБИ мөлтек ауданына жауапты учаскелік полиция инспекторы жедел жәрдем дәрігерінің хабарламасы бойынша осы аумақта орналасқан белгілі бір үйге барады. Аталған үй тұрғыны 1980 жылы туылған қала тұрғыны полиция қызметкерінің талаптарына бағынбай, жерде жатырған ағашпен басынан ұрып, дене жарақатын салады. Полиция қызметкері қалалық ауруханаға қаралып, оған «бас сүйегінің жарақаты» нақтамасы қойылады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңды үкім шығару үшін сотқа жолданды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі