ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Жыл сайын жылу беру маусымы басталасымен тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрт оқиғалары арта түседі, оның себебі көбінесе, жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнатуда, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады.
2014 жылы өрттің 38% /пайызы/ тұрғын-жайларда орын алған, жылу беру пештері мен жылу беру қондырғыларын пайдалануда кеткен қателіктен болған. 2014 жылы жылу беру маусымында өрттен 4 адам қаза болды, 6 адам жарақат алды. Материалдық шығын 4 млн. теңгеден аса болды.
Өрт сөндіру қызметі бөлімшелерінің мамандары арқылы 2014 жылы 34 адам өмірі құтқарылып, 59 млн. теңге көлеміндегі шығынға жол берілген жоқ.
Осыған байланысты облыстық ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында маусымдық профилактикалық жұмысты ұйымдастырып, өткізуде.
Ағымдағы жылы жергілікті БАҚ-да өрт қауіпсіздігі жөнінде 150 мақала жарияланып, 52 бейнесюжет көрсетілді, 1611 дауысзорайтқыштағы сөз сөйлеулер көпшілікке таратылды.
Жас буынды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту масқатында оқушылар арасында сабақтар, сайыстар және викториналар ұйымдастырылды. Сонымен бірге, оқытушылар мен студенттерге лекциялар оқылып, әңгімелер жүргізілді.
Өрт кезінде және адамдарды өзге орынға көшіру барысында дұрыс әрекет ете білуді пысықтау үшін өрт-тактикалық оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізілді.
Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты – жылу беру маусымына дайындық барысында, сондай-ақ, күзгі-қысқы кезеңдерде нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды насихаттау болды.
Профилактикалық іс-шаралар аясында нұсқаулардың өткізілуіне, жергілікті тұрғындарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылыту пештерін жылу беру маусымына дайындауға, пеш және басқа да жылыту құралдарын пайдалануда ережені сақтау қажеттілігі жөнінде ақпараттандыруға баса назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде үгіт-насихаттық жадынамалар да таратылды.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы