ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ
Жуырда Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков, қалалық сотының төрағасы А.Бабатов қабылдады.
«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру, жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Іс-шараға келген «Банк Хоум Кредит» АҚ-ның заңгері Б.Тасбергенов, Қызылорда қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары А.Иманғалиев, М.Даубалаев, Р.Айдаров және «Ел тілегі» газетінің бас редакторының орынбасары Ж.Нұрқожаның көкейде жүрген сауалдарына облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков пен қалалық сот төрағасы А.Бабатов жауап берді.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.Қайырбеков сот төрелігінің айқындылығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында бүгінде «Сот кабинеті», СМС хабарламалар, ШПИ, гибридті пошта енгізілген. Бұл бағдарламалар азаматтарға тағайындалған сот отырыстарының күні мен уақытын ертерек хабарлауға, жіберілген поштаның жеткізілу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берілгендігін атап өтті.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі