«ӨҢІРЛІК АУМАҚТАРДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдасыруымен «Өңірлік аумақтарда Медиация институтының дамуы» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Семинарға облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық, қалалық прокуратура, ІІД-ның ДУИС қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты.
Іс-шараны ашқан облыстық сот судьясы М.Ахметов заңға байланысты түсіндірме беріп, медиация дау-дамайлардың тез әрі тиімді, оңтайлы шешілуіне, тараптардың материалдық шығынының азаюына, адамның моральды түрде шаршамауына, сонымен қатар жанжалдасушы тараптардың келешек өмірлерінде бір-бірлеріне деген кек сақтамауына, кемсітпеуіне, бір-біріне кешірім жасауына, адамдардың адамгершілік қасиеттерін арттыруға зор ықпалын тигізетінін жеткізіп, «Медиация мақсаты – бітімгершілік» тақырыбында баяндама оқыды.
«Медиацияны жетілдіру орталығы» ААҚ-ның директоры Л.Бақтыбаева «Медиация заңының қолдану тәжірибесі» туралы баяндама оқып, жан – жақты талқылады.
Қызылорда облысы соттарында 2015 жылдың басынан бері «Медиация заңы» аясында 215 қылмыстық іс, 116 азаматтық іс қысқартылып, тараптардың татуласуымен шешімін тапты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі