ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИННІҢ АНАСЫ "ЖЫЛ ПАТРИОТЫ" БАЙҚАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина Жыл патриоты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада өткен Патриоттардың республикалық форумында "Жыл патриоты" жыл сайынғы байқауында жеңіске жеткендер марапатталды. Сыйлықтар жеті аталым бойынша табыс етілді.
"Ана жүрегі" аталымында қазақстандық атақты боксшы Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина жеңді.
Сонымен қатар, ғарышкер, ҚР ӘӘК полковнигі Айдын Айымбетов "Менің елім" және КСРО және ҚР халық әртісі Бибігүл Төлегенова "Биік руханият" сыйлықтарының лауреаты атанды.
Ал суға батып бара жатқан екі қызды құтқарған Батыс Қазақстанның 11 жастағы оқушысы Никита Тюкин "Ерлік" аталымы бойынша жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, "Ел бірлігі" аталымында - "Динар - Электромаш" ЖШС (Ақтөбе облысы) істерін басқарушы Сергей Вишняк, "Нұрлы жол" аталымында "Қазлегпром - Алматы" ЖШС бас директоры Айбек Бектұрғанов, "Ерен еңбегі үшін" аталымында "Темірлан" ЖШС директоры Ерлан Арин жеңіске жетті.
Айта кетейік, форумда 20-дан аса адам сөз сөйледі. Олардың арасында обырмен күрес бойынша зерттеу жүргізуге 2 миллион долларын берген 25 жастағы бағдарламашы Асхат Мырзабаев бар. Ол табысқа қалай қол жеткізгенін және ғаламдық мақсаттарға қалай қол жеткізуге болатыны туралы ойын айтты.
"Мен қазір 25 жастамын, бірақ керемет жұмыс өтілінен басқа мен тағы бір маңызды нәрсені түсіндім. Ұлы, ғаламдық дүниені құру үшін ғаламдық деңгейде ойлау қажет. Әрдайым өзіңе терең мағыналы сұрақ қоюың керек. Менің өмірімнің мәні неде, мен қандай із қалдырамын, мен адамзатқа не бере аламын. Өзім үшін жауаптарын таптым: мен адамзаттың ең түйіткілді мәселелерін шешу арқылы ғылымның дауына қолдау көрсеткім келеді. Сондықтан өзім үшін, онкологиямен күрес бойынша зерттеу жүргізуге гонорарымнан екі миллион доллар бөлемін деп шештім", - деді Мырзабаев. Тағы бір маңызды нәрсе деп ол адамның ақыл-парасатының әлеуеті мен адамзат капиталының маңыздылығын атады.
Айта кетейік, Патриоттардың республикалық форумына елдің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан аса делегат жиналды. Форум 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған өз ісінің үздік мамандары қатысады: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, шаруалар, табысты кәсіпкерлер.