БАҚЫЛАУ КАССА МАШИНАЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанындағы салық және кеден заңнамаларын жетілдіру мәселелері бойынша Консультативтік кеңес биылғы жылғы үшінші мәжілісін өткізді.
2015 жылдың ақпан айында құрылған бұл кеңестің құрамына өңірдегі кәсіпкерлердің, қоғамдық ұйымдардың, екінші деңгейлі банктердің өкілдері тартылған.
Кеңестің мақсаты: кәсіпкерлерді және басқа да мүдделі тұлғаларды салық және кеден жүйесіндегі заңнамалық жаңалықтармен таныстырып отыру, қоғамды ақпараттандыру.
Бұл жолы, қазіргі өзекті талаптар негізінде, «Фискалды жады бар бақылау-касса машиналарының қолданысқа енгізілуі: ағымдағы жағдай және өзекті мәселелер» тақырыбы тыңдалды. Хабарлама жасаған Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Әуезбек Дүйсенбаев бақылау кассалық машиналардың тізбеге енгізілген жаңа түрлері, оны тіркеу тәртібі, олардың жұмыс ережесін толық түсіндірді.
Салық кодексінің 645 бабының 1 тармағына енгізілген толықтыруға сәйкес, қызметті ортақ пайдаланатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензинді, дизель отынын, алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті. Жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін бұл машиналарды қолдану 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап міндеттелген болатын.
Бұл, көлеңкелі экономикаға жол бермеу амалдарының бірі. Осы норманы жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсанындағы қаулысымен фискальдық деректердің операторы болып "Қазақтелеком" АҚ анықталды. Және деректерді тіркеу және беру функциясы бар Бақылау Кассалық Машиналардың техникалық талаптары бекітілген болатын.
Бүгінгі күнге Қызылорда облысы бойынша 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап фискалды деректер операторының порталына тіркелуге тиіс салық төлеушілер саны - 1348, тіркелген бақылау кассалық машиналар саны – 2051, олардың порталға қосылғаны 192.
Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан осы жаңа талапты түсіндіру жыл басынан бері жүргізіліп келеді. Қалада және аудандарда 91 семинар өткізілді, оның 41-і «Қазақтелеком» АҚ бірлескен шаралар. БАҚ-ы арқылы 241 материал жарияланса, 31 мәрте билбордтарға орналастырылды. 1500-ден астам салық төлеушілерге түсіндірме хат жолданды.
Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасының сұранысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті жедел режимде беруді қамтамасыз ететін бақылау касса машиналарын қолданысын тексеру 2015 жылдың 1 қазанына дейін қалдырылған болатын. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожиннің тапсырмасымен жедел режимде беруді қамтамасыз ететін бақылау касса машиналардың қолданылуына бақылауды күшейту қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының " Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 284 бабының 1 тармағына сәйкес "бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібін бұзғаны үшін "ескерту" беріледі, ал 2 тармағында осы баптың 1 бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, яғни "бақылау кассалық машиналарын қолдану тәртібі" бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда дара кәсіпкерлер, сот орындаушылар, нотариустар, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 15 айлық есептік көрсеткіш, орта кәсіпкерлік субъектісіне 30 айлық есептік көрсеткіш, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл көріледі.
Бахыт ОРДАНОВА,
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы