ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Өткен аптада Қызылорда қаласының Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығында «Шағын және орта бизнес топ-менеджентін оқыту» жобасы аясында АОО «Назарбаев Университетінде» тегін оқудан өткен компаниялардың топ-менеджерлеріне сертификат табысталды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес өкілдерінің басшылары отандық және шетелдік білікті тренерлердің басқаруымен бизнесті тиімді басқару мен табысты бизнес құрудың жаңа модельдерімен танысады.
Ағымдағы жыл басынан бері Назарбаев Университетінде 12 Қызылордалық шағын және орта бизнес өкілдері оқудан өтті. Бүгінгі таңда аталған жоба жүзеге асқан уақыттан бері мемлекет қолдауы аясында аймақтың 50-ден аса кәсіпкері ақысыз негізде өз білімдерін машықтап, әлеуетін арттырып келді.
Жобаға қатысушылардың бірі, жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпорны бар Сабира Ахметованың сөзінше, бұл жоба еліміздің таңдаулы жоғарғы оқу орнында өз біліміңді шыңдауға берілетін бірегей мүмкіндік.
– Бизнесте ондаған жылдар бойы жинақтаған тәжірибем болғанына қарамастан, жоба туралы естіп, бірден қатысуға келістім. Жаңа технология дамыған заманда өз бизнесімді дамытудың жаңа модельдері мен тиімді басқаруды үйрендім және өзге де кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, жағымды әсер алдым, - кәсіпкер Сабира Ахметова деп өз әсерімен бөлісті.
Еске сала өтсек, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесте жұмыс жасайтын кәсіпорындар топ-менеджерлерін АОО «Назарбаев Университетінде» тегін үш күндік оқыту курсы жыл сайын жүзеге асырылады. Үш күн барысында қатысушыларға дамушы бизнестің табысты моделін құру, инвестиция тарту жолдары, бизнесті бағалау методикасы мен бизнес-жоспар жасау сияқты маңызды біліммен қанықтырады. Жобаға қатысып, оқудан өткен әрбір кәсіпкер Германияға бір айлық тегін іс-тәжірибелік сапарға баруға мүмкіндік алады.