СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛЫ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ ТӨЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Жыл сайын елімізде 1 қазанда халықаралық қарттар күні аталып өтіледі.
Мерекеге орай, атынан облыстық сот судьясы З.Нұрсейітов пен қалалық соттың судьясы Г.Мырзатаева қарттар үйіне арнайы барып, төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сый – сыяпат тарту етті.
Өздеріне көрсеткен құрметі мен сый-сияпаты үшін ризашылықтарын білдірген қарттар сот ұжымына алғыстарын айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Қызылорда облысы соттарының ұжымы әр мерекеде қарттарды құттықтауды назардан тыс қалдырған емес. Себебі, аға буын – бұл патриоттық пен табандылықтың теңдесі жоқ ерлігін көрсеткен адамдар. Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымызды әрқашан есте сақтап, мерекелерінде құттықтау кейінгі толқынның міндеті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі