ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ЮНИСЕФ» ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында сот төрағасы А.Әбу «ЮНИСЕФ» өкілдері М.Алыбаева, А.Бекмұса, А.Изден, сондай-ақ «Сыр ұландары» ЖҚБ-ның меңгерушісі С.Әбілдаевалармен кездесу өткізді.
Жүздесудің негізгі мақсаты - мінез-құлқы қиын балаларға арналған арнаулы қауымдастық базасындағы баламалы сот төрелігі жобасы аясында, жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау барысында әр кәмелетке толмаған балаға жете көңіл бөліп, бас бостандығынан айыру жазасын қолданбай оларды тәрбиелеудің өзге де жолдарын кеңінен талқылау болып табылады.
Кездесу барысында ЮНИСЕФ өкілдері сот жұмысымен танысты.
Басқосу аясында пилоттық орталықтың Қызылорда қаласында орналасуына ерекше көңіл бөлінді. Ол алғаш рет қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жағдай жасау үшін қызмет ететін болады деп күтілуде. Орталықта олармен арнайы оқытылған мамандар, яғни әлеуметтік қызмет көрсететін сарапшылар, психологтар, оқып-үйрету мамандары жұмыс жасайтын болады.
Аталған жобаны іске асыру барысында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратында арнайы бөлмелер жабдықталатын болады. Оның біреуі кәмелетке толмаған жәбірленушіге, ал екіншісі кәмелетке толмаған сотталушыға арналады.
Сонымен қатар, жәбірленуші мен сотталушының кездесуін болдырмау және кәмелетке толмаған жәбірленушіні психологиялық тұрғыда қорғау мақсатында жауап алу бөлмесінде арнайы аудио бейне қондырғы орнатылатын болады.
Қызылорда облысы аталған пилоттық жобаны ағымдағы жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында жүзеге асырады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі