СПОРТ АРДАГЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Еліміздің басқа өңірлеріндегідей Қызылорда облысы да қарттарының қамын естен шығарған емес. Қолдан келген көмегін аямай, мерекелерде құттықтап, реті келсе кеңес сұрап, ақылдасып та жатқаны. Оның ішінде бірнеше жылдар бойы облыстың спорт саласына зор үлес қосқан, өз уақытының үздігі атанған шоқтығы биік тұлғалар жетерлік.
Афанасий Григорийұлы Ким де талантымен танылып, өз заманының бетке ұстар боксшысы болды. ССРО спорт шебері, көптеген спорттық марапаттар иесі қазір құрмет демалысында. Жасы сексенді еңсерген ол әлі де сүйікті спорттан қол үзген емес. Осы саладағы әріптестеріне келіп, әңгіме-дүкен құрып, өскелең ұрпаққа ақыл-кеңес айтып тұрады. 82 жасар қария спорттық шараларға да қатысып жүр. Дегенмен, егделіктің белгісі ме, жыл өткен сайын Афанасий Григорийұлы көруден қалып барады. Жақында оған дәрігерлер облыста жасала бермейтін ота керек екенін айтты. Ал оған қомақты қаражат қажет.
«Қызылорда облыстық бокс федерациясы ардагерлерін ұмытпай, қашанда көмек қолын созып тұратыны мені өте қуантады. Менің науқастанып қалғанымды естіп, федерацияның вице-президенті Қанат Қизатов пен аға тренер Сайлау Өтегеновтың өзі үйіме іздеп келді. Облыс спортшыларының атынан мені қарттар күні мерекесімен құттықтап, ота жасатуға қаражат ұсынды. Көп рахмет, жігіттер!», - дейді шынайы ризашылығын білдірген спорт ардагері.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА