СЫР ӨҢІРІ «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ТАБЫСТАДЫ
2015 жылдың 1 қазаны күні Сыр өңірінің экспедиция мүшелері «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» экспедициясының эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысына табыстау үшін Түркістан қаласына барды.
Түркістан қаласына кіре бергенде Самарқанд қаласынан Мәскеуге велосипедпен жол тартқан әнші Нурсанд Шерифпен кездесіп, экспедиция мүшелері ақ жол тіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының ұйымдастырушылары Сыр елінің делегациясын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдында күтіп алды. Делегация алдымен Қожа Ахмет Яссауи ғимаратында зиярат етті.
Бұдан соң қала орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Қазақ хандығын құруға елеулі үлесін қосқан Керей мен Жәнібек хандардың бейнесі сомдалған театрландырылған қойылым әсерлі шықты.
Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев көпшілікті құттықтай келіп, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Оңтүстік Қазақстан облысының тарихшы ғалымдары да өз лебіздерін білдірді. Бұдан кейін Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы Айгүл Сағымбай Оңтүстік Қазақстан облысының экспедиция басшысы Е.Байқонақовқа экспедиция эстафетасы «Экспедиция қатысушыларының жазбахаттары» күнделік-кітабын табыстап, Ақтаудан бастау алған күнделіктің тарихи жаңалықтармен, ізгі тілектермен толығуына Оңтүстік Қазақстандық әріптестерге сенім білдіретінін жеткізді.
Екі облыстың экспедиция мүшелері Қолөнер шеберлері орталығының жұмысымен танысып, облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығында брифинг берді.