«СОТ КАБИНЕТІ» АРҚЫЛЫ ҚҰЖАТ ТАПСЫРУДЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Байқоңыр қалалық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы нұсқаулықты түсіндіру бойынша уәкілетті органдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады
Дөңгелек үстелге судьялар, сот қызметкерлері және адвокаттар, Әділет басқармасының маманы, прокуратура кеңсе қызметкері, сот орындаушылар, Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі, Төретам ЖІІБ-нің өкілі, Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының маманы қатысты.
Бас қосуда Байқоңыр қалалық сотының бас маманы М.Сералиев еліміздегі сот жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында аталмыш тақырып аясында баяндама оқып, қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі бойынша қысқаша дайындалған «видео роликті» көруге шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы уақытта талап арызды «Сот кабинеті» ережелері арқылы тапсырып, уақыттарының үнемделетінін айтып, бұл бастама халық үшін де өте тиімді екенін, барлығын осы бағытта жұмыс істеуге шақырып өздерінің пікірлерін білдірді.