АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ – ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
Қазалы аудандық прокуратурасымен К.Д есімді Әйтеке би кентінің тұрғынының аудандық ішкі істер органдарымен әкімшілік жауаптылыққа тартылу заңдылығын тексеру туралы арызына сәйкес әкімшілік іс зерделенді. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Зерделеу барысында анықталғандай, арыз иесінің ауласына келген Е.О. деген азаматты байлауда тұрған иті тістеп алады. Жарақат алған Е.О. жергілікті құқық қорғау органына шағымданып, үй егесінің үстінен шағымданады. Нәтижесінде жарақат алу дерегі бойынша учаскелік инспектор болған оқиғаны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігіне сәйкес деп тауып, хаттама толтырылып, ит иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бірақ «Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын» нақты қандай талаптары бұзылғаны айқындалмаған.
Яғни, әкімшілік құжаттарды рәсімдеу барысында учаскелік инспектормен иттің аулада байлаулы тұрғанына назар аударылмаса, аумақты ит күзететіні туралы ескерту тақтайшасының аула сыртына ілінгендігі немесе болмауы мәселесе мүлдем тексерілмеген.
Бұл орайда, әкімшілік хаттама толтыру кезінде әкімшілік заңнамамен белгіленген кінә қағидаты бұзылған.
Оған сәйкес, жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Кодекстің 7-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
Яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада және әкімшілік іс бойынша қаулыда құқық бұзушының нақты кінәсі анықталмауына байланысты әкімшілік қаулының күші аудандық прокуратураның наразылығымен жойылып, арызданушының құқықтары қалпына келтірілді.