ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шиелі аудандық сотында «Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық іс жүргізу Кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерін талқылауға» арналған дөңгелек үстел өтті.
Басқосуда аудандық сот төрағасы М.Еркінбеков, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі мен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстерінің жаңа нұсқаларының қабылданғандығын, аталған заңнамалар 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетінін, сол үшін жаңадан қабылданған заңнама талаптарымен ыждағатпен танысып, меңгеру керектігін айтты.
Қолданысқа енетін заңдарды салыстыра отырып, жаңа заңнамада кейбір қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар жеңілдетілсе, кейбір аса ауыр қылмыстар бұрынғыдан да қатаңдатылғанын атап өтті.
Жаңадан қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талаптарымен таныстырған аудандық сот судьясы Ә.Түбекбаева әкімшілік қамауға алу мерзімінің 45 тәуліктен 30 тәулікке дейін азайтылғанын, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарында жүкті немесе 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы көзделгенін, сондай-ақ ескі Кодекстегі әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасаған адам егер келтірген залалды өз еркімен өтесе немесе келтірілген залалды өзге жолмен ретке келтірсе әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін деген 67-баптың, құқық бұзушылық елеусіз болған жағдайда ескерту жасаумен шектеліп әкімшілік жауаптылықтан босату жайлы 68-баптың алынып тасталғанына тоқталды.
Жиынға қатысушылар осы және өзге де енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, жаңалықтарды дөңгелек үстел барысында кеңінен талқылады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырып, құқық қорғау органдары, сот, прокуратура салалары заңнаманың қолданысқа енгізілуі барысында нақты іс-шаралар қабылдауы қажеттігі айтылды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі