АЛҒАШ АНЫҚТАЛҒАН СОЗЫЛМАЛЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР КӨРСЕТКІШІ 2 ЕСЕГЕ АРТҚАН
Биыл 7 айда облыста 6 жедел вирусты гепатит ауруы тіркеліп, аурушаңдық деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге төмендеген. Оның 1-уі – Жаңақорған ауданының, қалғаны – Қызылорда қаласының үлесінде. Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстелде белгілі болды.
Айта кетейік, 28 шілде-28 тамыз аралығында аймағымызда «Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні: тағы бір рет ойлан» ұранымен түрлі шаралар өтті. Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Гүлшара Жұмалиеваның айтуынша, аурушаңдық деңгейі төмендегенмен, алғаш анықталған созылмалы вирусты гепатиттер көрсеткіші 2 есеге артқан.
Басқосуға қатысқан мамандардың пайымынша, дерттің алдын алу үшін халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту керек.