«МҮЛДЕМ ТӨЗБЕУШІЛІК» ҚАҒИДАТЫ БОЙЫНША БІР КҮНДЕ 500-ДЕН АСА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ
Ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күндері аралығында облыс көлемінде Қызылорда ОІІД-і әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерін қатыстыра отырып, «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» атты кең көлемді акция өткізуде.
Бұл іс-шараның мақсаты - қоғамда тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.
Іс-шараның 1 күнінде тәртіп сақшыларымен 535 құқық бұзушылық анықталды.
Мысалы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің 18 жасар тұрғынына қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабына сәйкес 9910 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ал, осы ауданның 1977 ж.т. тұрғыны көше бойында шемішке қалдығын тастап ластағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабына сәйкес, яғни ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Облыс орталығының тұрғыны 1982 ж.т. К.Б.-ге де қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, яғни темекі шегіп, қалдығын лақтырғаны үшін хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі