СОТ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Жаңадан қабылданған ҚР Қылмыстық Кодексін, Қылмыстық іс жүргізу Кодексін және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Аталған мәжіліске Қызылорда ОІІД-нің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері С.Ахметкалиев, Қызылорда ҚІІБ-нің ЮПБ-нің бастығы М.Есжанов, қалалық, аудандық ювеналды полиция топтарының инспекторлары қатысты. Дөңгелек үстелді мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы А.Әбу жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселені ортаға салды. Атап айтқанда, жаңадан қабылданған Кодекстердің 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуі жұмыс барысында көптеген мәселелерді туындататыны, жекелеген әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерінің жаңа Қылмыстық кодекспен қылмыс деп сараланатыны және өзге де мәселелер кеңінен ортаға салынды.
Дөңгелек үстел басында құзырлы органдар өзара пікір алмасып, жаңа кодекстердің нормаларын талқыға салды.