СОТ ЖҮЙЕСІ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА
Елімізде жаңа электрондық технологиялар қарқын алуда. Бұл халықтың сұранысын қанағаттандыру, түрлі кедергілерді азайтып, уақыт үнемдеу арқылы тиімділікті арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда еліміздегі соттар жаңа заманауи электрондық технологиялардың барлық түрімен жабдықталған. Мысалы, сот залдарының барлығы дыбыстық-бейне жазбалармен қамтылған. Азаматтарға сотқа шақырту хабарламалар ұялы телефондарына SMS ретінде жіберіледі, кез келген азамат «Сот кабинеті» арқылы өздерінің өтініштерін жібере алады, мемлекеттік бажды төлеуге де мүмкіндіктер жасалған.
Сонымен қатар, кәзіргі таңда сот жүйесінің жұмысына «Төрелік» пилоттық жобасы енгізілді. Бұл жаңашылдықтың мақсаты іс жүргізуге қатысты толық ақпарат пен шығарылған сот актілерімен танысу және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушылардың шұғыл назарға алуына жағдай туғызады. «Казпочта» байланысы арқылы жолданатын құжаттар заманауи электрондық әдіс арқылы, яғни, «Гибридті электрондық почта» арқылы жіберіледі.
Сот жүйесі жаңа заманауи технологиялармен жұмыс жасауы халқымыз үшін жасалған игі қызмет.
Айнұр КҮНТУҒАНОВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының жетекші маманы