ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТҰРМЫСЫ НАШАР ОТБАСЫЛАРДА ТӘРБИЕЛЕНЕТІН БАЛАЛАР МЕКТЕПТЕ ТЕГІН ТАМАҚТАНАДЫ
Қызылорда облысында тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленетін оқушылар мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ішетін болды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Облыстың барлық мектебінде тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар, бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейін, барлығы тегін түскі аспен қамтамасыз етілуде. 1-2 сынып оқушылары да мектеп асханасынан тегін тамақтанады», - деді облыстық білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Қазақстанда неше жастағы және қандай жанұядан шыққан балаларды тегін түскі аспен қамтамасыз етуге қатысты жалпыға ортақ нормативтер жоқ. О бастан көмек әлеуметтік әлжауаз отбасыларда тәрбиеленетін оқушыларға көрсетіледі. Ал бастауыш сынып оқушыларына берілетін ыстық тамақ ата-аналардың міндетіне жататын.
«Барлығы жергілікті атқарушы органдарға байланысты, себебі ешбір нормативтік құжатта барлық балаларды тегін түскі аспен қамтамасыз ету ережесі жазылмаған. Алайда бізде бұл бар. Жыл соңына дейін бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру сақталады, ал 2016 жылдан бастап оны ұйымдастыру мәселесі қайтадан қаралады. Ал тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар міндетті түрде тегін тамақтанады», - деді Жүнісова.