ТҰРҒЫНДАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕГІН КЕҢЕС БЕРІЛДІ
«Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат және қалалық әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып №21, №24 бағдар бағыттарының шеткі аялдамаларында тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыруға байланысты тегін кеңес беру жұмыстарын жүргізді.
Адам көп шоғырланатын орындарда тұрғындарға кеңес беру жұмысын тұрандықтар құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге ай сайын ұйымдастырып келеді. Кеңес беру барысында тұрғындардың құқық саласына қатысты көптеген мазалап жүрген сұрақтарына сәйкесінше тиісті жауаптары қарапайым тілде түсіндіріліп қана қоймай, құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған әдіснемелік құралдар таратылды.