ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТАМАРА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
«Тіл - достықтың алтын көпірі» демекші, елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осы орайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында да өзге ұлт өкілдері еңбек етуде.
Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне байланысты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Павлодар облысы бойынша филиалы базасында өзге ұлтты қызметкерлердің арасында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында республикалық байқау өтті. Аталған байқауда Қызылорда қаласының №1 бөлім инспекторы Тамара Шарипаева бақ сынады.
Байқау қатысушылары өздерін мемлекеттік тілде таныстыру, Абай өлеңдерін жатқа айту, интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру, Қазақ жерінде этностың тарихи бастауын әңгімелеп беру бойынша төрт кезеңнен тұратын сайыстарда өнер көрсетті.
«Осы сындардан сүрінбей өтіп, байқауға қатысқа 14 қатысушының арасында оза шапқан Тамара жүлделі І-орынды иеленіп, байқау жеңімпазы атанды. Тамараны осы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да алар асуың биік болсын деген тілек білдіреміз», - дейді әріптестері.