ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Баршаңызды мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі – қасиетті Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Құрбан айт – бірлік пен береке, қайырымдылық пен мейірімділік, татулық пен тұрақтылық мерекесі.
Адамзатты адамгершілік пен мейірімділікке, ізгі қасиеттерге үндейтін Ислам діні біздің қоғамда аса маңызды рөлге ие.
Бүгінде елімізде түрлi ұлтпен бірге дiни конфессиялар да тату өмiр сүруде. Олардың арасындағы достықтың нығаюы, дiни жоралғылардың өз дәрежесiнде жүргізілуі Конституциялық заңдылықпен қорғалған.
Алланың ақ жолына адалдық пен таза көңiлде бет бұрған болмысымыз бүгiнде ұлттық ұлағатқа ұласты.
Осы ретте, мұсылман қауымының ең ұлық мерекесі – Құрбан айт елдің береке-бірлігін бекемдеп, халықты қанағат пен қайырымдылыққа шақыруда өлшеусіз үлес қосып келеді.
Қадірлі жамағат!
Құрбан айт мерекесiнде ұлттардың мызғымас достығы мен аманшылығын, тыныштық пен татулық тiлеймiн. Әр отбасыға құт-береке дарып, дастарханымыз берекелі, келешегіміз мерекелі бола берсін.
Құрбан айттарыңыз мүбәрак, шалған құрбандықтарыңыз қабыл болғай!
Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ