ТАСБӨГЕТТІКТЕРГЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ТҮСІНДІРДІ
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы, Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасы, кшкі саясат басқармасы қала төңірегіндегі елді мекендерде халық арасында орман, дала өрттерін және егін алқаптарында өртті болдырмау, өрттің алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына нұсқау беріп, үнпарақтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалпы үгіт-насихаттық шарасына қатысқан тұрғындар саны 35 адам. Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Серік Сыздық пен Тасбөгет кентінің әкімі Жұмабек Әлиев өрт қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары туралы айтты.
Жазғы мерзім күн ысып, өртке қауіпті қезең болады. Осы уақытта ауылдық жерлердегі егістік алқаптарында, орман қоры мен оған жақын орналасқан шаруа қожалықтарының құрғақ шөптері, өсімдік қалдықтарын жинау, өртеу кезінде бақылаусыз қалдырмау, елді-мекен халқы арасында өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру мен ауылдық жерлерде құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдардың дайындығын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.
Өткізіліп отырған профилактикалық іс-шараның мақсаты және қала аумағындағы орын алған өрттер, сондай-ақ «Өрт қауіпсіздігін сақтау айлығының басталуы» жөнінде Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Серік Сыздық жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы тілшісіне сұхбат берді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
баспасөз қызметі