ҚЫЗЫЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ДЕНСАУЛЫҚ САБАҚТАРЫ» ӨТЕДІ
1 қыркүйек – Білім күніне орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорданың мектептерінде дәстүрлі «Денсаулық сабақтары» өтеді. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Туберкулезді тоқтатайық!» ұраны аясында балаларға саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы насихатталады. Оқушылар денсаулықты күтуге арналған сұрақтарға жауап беріп, шылым, алкоголь, есірткілік заттарды қолданудың зияндылығын ерте бастан санасына сіңірмек.
Бұл әрбір баланы белсенді болуға, салауатты өмір салтының дағдыларын меңгеруге баулиды.