ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «STOP-ТРАФИК» ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА 3 ҚЫЛМЫС АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 21-23 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы аумағында «STOP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Аталған шараның басты мақсаты – адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еңбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады.
Шара барысында Қызылорда ОІІД қызметкелерімен ҚР ҚК-нің 309-бабы, яғни жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар
ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық дерегі бойынша 3 қылмыс дерегі анықталды.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 4 жезөкшелікпен айналысып жүрген жеңіл жүрісті тұлғалар анықталды.
Айта кетерлік жайт, департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жыл басынан адам саудасына қатысты 18 қылмыс дерегі ашылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі