СОТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ІС-ҚҰЖАТТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ЖҮРГІЗУ БОЙЫНША ДӘРІС АЛДЫ
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен «Тіл - ұлт қазынасы» тақырыбында семинар сабағы өтті. Аталған іс-шараға осы соттың мамандары мен шағын және орта кәсіп субьектілері қатысты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Іс-шара барысында мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде іс-құжаттарын жүргізу дәрежесі, қазақ тілінде жүргізілген іс құжаттарының статистикалық мәліметі мен қазіргі таңда көп орын алып жатқан орфографиялық кемшіліктер мен заңды тұлғалардың атауларының қазақ тілі ережелеріне сәйкес келмейтіндігі жөнінде айтылды.
Аталған кемшіліктерді болашақта болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің тілдік біліктілігін жетілдіру үшін «Ресми іскерлік қазақ тілі» бағдарламасын оқыту, әртүрлі сөздіктермен жұмыс жасауға баулу, тілдерді дамыту мен қолданудың және оның мәртебесін көтеру мақсатында кеңестер, семинарлар өткізу жөнінде ұсыныстар келтірілді.