ҚЫЗЫЛОРДА ОТД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘНИЕВТЕР ОТБАСЫНА БАРДЫ
Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының «Аяулы алақан» қозғалысының қатысушылары Кәниевтер отбасына барды.
Кенеттен болған тілсіз жаудың кесірінен олардың үйлері өртеніп кеткен болатын. Қазіргі таңда үй шаруасындағы Ақбатес Каниева балаларымен далада, қорасының ішінде тұрып жатыр. Күйеуі жоқ, өзі жұмыссыз. Отбасында 3 ұл бала, келіні және 8 айлық немересі бар екен.
«Аяулы алақан» ерікті қозғалысының қатысушылары дирекция қызметкерлерінің көмегімен жинаған киім-кешек пен азық-түліктерді әкелді. ҚББ бастығы Айгүл Досымованың айтуынша, Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы үшін әлуметтік жауапкершілік күнделікті жұмыстың ең маңызды және ажырамас бөлігі.
«Қазақтелеком» АҚ Орталық аппаратының қызметкерлері «Аяулы алақан» ерікті қозғалыс ұйымының бастамашысы болды. Ерікті корпоративті бағдарлама бірнеше бағыттардан тұрады. Еріктілердің міндеттері - жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан жоғары сынып оқушыларына әлеуметтік бейімделуге, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, ізеттілікке үйрету, зейнеткерлерге, компаниядағы егде адамдарға қайырымдылық көмек көрсету және оларды әрдайым қолдау.