ЕЛІМІЗДЕ ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ АЙЛЫҚ ӨТЕДІ
28 қыркүйек пен 28 қазан аралығында елімізде жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококтік инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өтеді, деп хабарлайды Вnews.kz.
Тұмау барлық аурудың асқынуына, өкпенің қабынуы мен өлім-жітімге алып келуі мүмкін. Тұмау – көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғатын вирустық инфекция. Сондықтан да елімізде тұмаудың алдын алу шаралары басталды.
ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары аясында елімізде 2015 жылдың 28 қыркүйегі мен 28 қазаны аралығында халықтың, әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар, ұжымдар, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.
Айта кетейік, вакцинация – тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. Ол әсіресе бұл аурудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сондай-ақ жоғары қауіп-қатер тобындағы адамдармен тұратын немесе оларға күтім жасайтын адамдарға қажет.