СЕНБІЛІК – ЕРІКТІЛЕР ІСІ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт өндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері үшін сенбілік жасау, тазалық айлығын жүргізу үрдіске айналды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Күз мезгілінде ағаштар мен жол жиектерін әктеп, жапырақтарды тазалағаннан басқа әр бөлімге бөлінген жер аумақтарын келесі көгалдандыруға дайындау жүргізіледі. Әр бөлім қызметкері бөлініп берілген жер аумақтарының қалыпты жағдайда болуын жыл бойы қадағалап отырады. Олар жас ағаштың көшетін қара күзде отырғызып, оларды қысқы суықтан қорғап, баптап, көктемде тез жанданып кетуі үшін аянбай еңбек етеді.
«Мекеме ауласын көгалдандыруда біздің қызметкерлер шын көңілдерімен еңбек жасайды және сол жасаған еңбектерінің жемісін көруде өздерінің қуаныштарын мақтанышпен айтып отырады», - дейді мекеме бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Әділ Көкеев.
Қызылорда облыстық өртке қарсы қызметінің қызметкерлері барлық қала тұрғындарын өз қаламызды көркейтіп, көгалдандыруға және таза ұстаға шақырады.