САНА ТАЗАРМАЙ, ҚАЛА ТАЗАРМАЙДЫ
Тазалық – денсаулық кепілі. Қала тазалығын сақтау барлық тұрғындардың міндеті. Қалалық ішкі саясат, Қызылорда Тазалығы мекемесі және ішкі істер қызметкерлері кезекті рейд жұмысына шықты. Шымбай көшесінде бірқатар қоқыс тастап жатқан тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды kogamtv.kz.
Қыдыров пен Дәрігер Али қиылысы қоқыс алаңына айналған. «Ерсұлтан» дүкені иесінің баласы тұрмыстық қалдықтарды көше бойына тастап бара жатқандығы көрініс тапты. Барлық азаматтарға түсініктіме, хаттамалар толтырып, ескертулер берілді.
Тазалық мекемесінің қала тұрғындарына айтары;қала көркі, тазалығы бәрімізге ортақ, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші қала тазалығын бірге сақтайық!
Тазалық мекемесінің қала тұрғындарына айтары;қала көркі, тазалығы бәрімізге ортақ, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші қала тазалығын бірге сақтайық!