ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТА «ТӨРЕЛІК» ЖӘНЕ «СОТ КАБИНЕТІ» ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
2015 жылдың 18 қыркүйек күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» және «Сот кабинеті» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау жөнінде семинар сабағы өткізілді.
Іс шараға кеңсе меңгеруші Қ.Сарсенбаева және сот қызметкерлері, Қызылорда облыстық прокуратураның өкілдері А.Ранова, У.Даржанова, А.Ережепбаева, Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінен Л.Туленова, қызылорда қалалық ішкі істер басқармасынан Г.Сапарғали, ЗК-169/1 мекемесінен Г.Қарашаева, сонымен қатар, №2 Қызылорда қалалық сотының кеңсе меңгерушісі У.Шабарова мен маман Г.Ахметова қатысты.
Семинар сабағын кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева ашып, аталған электрондық сервистердің артықшылығын айтып, сөз кезегін баяндамашы - жетекші маман А.Күнтуғановаға берді.
А.Күнтуғанова өз баяндамасында - «Төрелік» жүйесі, «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі және «Үкімет порталы» арқылы арыздарды жолдау мен қабылдау бойынша туындайтын сұрақтарды талқылау арқылы оның артықшылықтарын атап көрсетіп, қатысушыларға арнайы нұсқауларды ұсынды. Сонымен қатар, құжаттарды тіркеу, шығыстау арқылы жүйені пайдалану тәртібімен таныстырды.
«Сот кабинеті» электрондық қызметі арқылы әрбір азамат немесе оның сенімді өкілі ғаламтор арқылы өзінің өтінішін немесе арызын жібере алады. Одан бөлек, онлайн түрде істің жүргізілу барысын, барлық іске қатысты сот құжаттарын көре алады, және де мемлекеттік бажды онлайн түрде төлеу қызметі де қарастырылған.
«Сот кабинеті» ақпараттық жүйені сайтын қолдану кеңсе мамандарының, сонымен қатар жеке тұлғалар мен олардың өкілдерінің де уақытын әлдеқайда үнемдейді. Әрбір азамат үйінде отырып, өзінің құжаттарын, өтініш тілектерін аталған жүйе арқылы жолдап отыра алады.
Іс-шара барысында семинарға қатысушылар «Төрелік» және «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервистар арқылы электронды түрде сотқа құжаттарды беру тәртібімен толық танысып, өздерінің пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап алды.
Қызылорда облысының қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының баспасөз қызметі